Пойызда ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан күдіктілер ұсталды (видео)

0
235

Желіде Ұлттық ұланның киімін киген әскеридің сарбазды ұрып-соққаны түсірілген видео тараған еді.


Пойызда ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан күдіктілер ұсталды (видео)

фото: stan.kz.

ERNUR.KZ. Ұлттық ұлан сарбазына күш көрсетіп, әлімжеттік көрсеткендердің кім екені анықталып, ұсталды, деп жазады stan.kz.

Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметкерін ұрып-соққандардың тұрғылықты жері анықталғанын мәлімдеді.

“Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулікте Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.

Тергеу аясында барлық күдіктіден жауап алынды. Олардың әрекеттеріне, сондай-ақ желіде тараған видеоны түсірген адамға да құқықтық баға беріледі. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін желіде Ұлттық ұланның киімін киген әскеридің сарбазды ұрып-соққаны түсірілген видео тараған еді.