Пойыздағы судың уланғаны туралы хабарлама тарай бастады

0
2 397

Бұл туралы жолаушымен әңгімелескен кезде жолсеріктің өзі айтқан екен.


Пойыздағы судың уланғаны туралы хабарлама тарай бастады

Қазақстандықтарға бұл жолы жолаушылар пойыздарында ауыз су құрамындағы зиянды заттар туралы хабарламалар келуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake сайтына сілтеме жасап.

Instagram пайдаланушылары жолаушылар пойыздарының вагондарында орнатылған диспенсерлердегі су қауіпті болуы мүмкін, себебі оған "бірдеңе қосады" деп жазылған жазбаны талқылауда. Бұл туралы жолаушымен әңгімелескен кезде жолсеріктің өзі айтқан екен.

Пост мәтініне қарағанда, оқиға "Алматы-Павлодар" бағытындағы пойызда болған. "ҚТЖ" АҚ әкімшілігі ауыз суға қандай да бір қоспалардың салынатыны туралы мәлімдемені жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені кулерлерге құйылатын ауыз суға бөтелкедегі судың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын барлық қажетті құжаттар бар, – делінген "ҚТЖ" АҚ жауабында, деп хабарлайды stopfake.kz.

Сондай-ақ, компания өкілдері болған жағдай туралы қосымша ақпарат жинауға кіріскендерін мәлім етті. Жақын арада тергеу басталады.