Полицей зорлады деп кіналаған қыздың өзі үйқамаққа алынды

0
448

2023 жылдың қарашасында Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы жұмыс кабинетінде 27 жастағы қызға зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық қатынас жасады деп айыпталған еді.


Полицей зорлады деп кіналаған қыздың өзі үйқамаққа алынды

фото: ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Талдықорғандық экс-полицейді жыныстық зорлық көрсетті деп айыптаған қыз үйқамаққа алынды, деп жазады ulysmedia.kz.

Ол «түсініктемемді Марат Күштібаевтың пайдасына өзгертемін» деп оның әйелінен қомақты қаржы алған көрінеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандарының мәліметінше, атышулы істі жүргізген соттың хатшысы да тергелген. Ол жәбірленушінің жауабын өзгертуге ықпалдасамын деп ұсынылған 40 млн теңгенің жартысын алғаны анықталды.

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Талдықорған қалалық соты сот отырысының хатшысына және екі азаматқа қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Күдіктілерге қатысты үйқамақ және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шаралары санкцияланды, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінен.

Естеріңізде болса, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы жұмыс кабинетінде 27 жастағы қызға зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық қатынас жасады деп айыпталған еді.

Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралып, Марат Күштібаев 11 жылға сотталған.