Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлыққа қатысты сот үкімі шықты

0
999

31 жастағы ер адамға қатысты іс аяқталды.


Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлыққа қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық екі жыл екі айға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында полицейге шабуыл жасады деп айыпталған 31 жастағы ер адамға қатысты іс аяқталды.

Соттың үкімімен Павлодар қаласының тұрғыны "Билік өкілін қорлау "және "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" баптары бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен колонияда өтейді - 2 жыл 2 ай.

Еске салайық, биыл маусымда полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық 5-тен 10 жылға дейін сотталуы мүмкін екені айтылған еді.