Полицейлер із-түссіз жоғалған жігітті тапты: отбасымен қауышқан қуанышты сәт таспаға түсіп қалды

0
261

18 маусымда жоғалған жас жігіттің орналасқан жері анықталды.


Полицейлер із-түссіз жоғалған жігітті тапты: отбасымен қауышқан қуанышты сәт таспаға түсіп қалды

ERNUR.KZ. 9 сәуірде 20 жастағы жігіттің жақындары Ескелді ауданының полициясына ұлының жоғалып кеткені жайлы арызданды, деп жазады baq.kz.

Полицейлер із-түссіз жоғалған жігітті тапты. Жігіттің отбасымен қауышқан қуанышты сәті таспаға түсіп қалды.

18 маусымда жоғалған жас жігіттің орналасқан жері анықталды, ол Алматы қаласында болған. Полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалған жігіт аман-сау ата-анасына тапсырылды, – деп атап өтті Ескелді АПБ бастығының орынбасары Исатай Қаинбаев.