Полиция кәмелетке толмаған ақтөбелік қызды іздестіріп жатыр

0
1 956

Ақтөбе облысы Полиция департаменті 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Ракип Еңлік Дәулетиярқызын іздеп жатыр.


Полиция кәмелетке толмаған ақтөбелік қызды іздестіріп жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбе полицейлері кәмелетке толмаған қыды іздестіріп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Ракип Еңлік Дәулетиярқызын іздеп жатыр. Ол 1 ақпанда үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

"Белгілері: бойы шамамен 160-165 сантиметр, дене бітімі - арық, шашы - ұзын қара. Киімі: қоңыр түсті қысқа куртка, ақ-сұр түсті жолақты шалбар, ақ етік. Ерекше белгілері жоқ", - делінген хабрламада.

Ақпарат білетін адамдар болса, 102 немесе 8776-546-66-66 телефондары арқылы хабарлау сұралады.