Қазір жалған ақпарат таратушылар іздестірілуде.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтан притон табылғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сай емес, деп жазады Zakon.kz.
"Бұл ақпарат жалған. Ол WhatsApp мессенджері арқылы тараған, біз қазір оның авторы кім екенін тексерудеміз. Біз WhatsApp немесе өзге де әлеуметтік желілер арқылы келген негатив ақпаратты одан ары таратпауға кеңес береміз. Тек ресми дереккөздерден келген ақпаратты пайдалану керек. Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген" – деді Назымгүл Қайсағалиева.