Видео әлеуметтік желіде тараған.
ERNUR.KZ. Алматыда полиция қызметкері мен бала серуендетіп жүрген ер адам жаға жыртысты, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.
Оқиға Медеу ауданындағы Қайырбеков пен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Алматық Полиция департаментінің хабарлауынша, қаланың ішін жаяу аралап жүрген патруль қызметкерлері аулада жүрген екі адамды көрген. Олар полиция қызметкерінің ескертуіне құлақ аспай керісінше дөрекілік танытқан.
«Олардың бірі учаскелдік инспекторға қарсылық көрсетіп әскери киімін жыртқан. Оның іс әрекетіне байланысты ҚР ҚК 379-бабымен сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді. Бұл адамдардың бірі бұрын ҚР ҚК 189-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Екіншісі ҚР ӘқбК 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған», - деді полиция департаментінен.
Кейін екі адамның бірі кешірім сұрады.
«12 сәуірде Медеу ауданында карантин режимін бұзып, ашуға бой алдырып, полиция қызметкерімен жанжалдасып қалдым. Мен қоғамнан және полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Үйде отырғаннан жүйке жұқарып кетті», - деді ол.