Праймериз барынша әділ өтті – Азат Сарпеков

0
1 035

Мұның бәрі онлайн дауыс берудің арқасы.


Праймериз барынша әділ өтті – Азат Сарпеков

ERNUR.KZ. Семей қаласындағы электротехникалық колледж директоры Азат Сарпеков «Nur Otan» праймеризіне қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Даму жолына келе жатқан елімізге саяси сауаты мықты, өзіндік ұстанымы бар алғыр жастар қажет. Праймеризге қатысушылар халық алдында тек сөзбен жарқырап қоймай, өз жұмысын нақты іспен көрсетуі тиіс. Ал кім өз сөзін іспен дәлелдесе халық соны қолдайды», - деді Азат Сарпеков.

Өз сөзінде ол «Nur Otan» партиясы мүшелерінің праймеризде дауыс берудегі белсенділігі жоғары екендігін айтты.

«Праймериз нәтижесінде қаламыздағы түйткілді мәселелер қозғалып, алдағы даму жоспары белгіленді. Жергілікті жұрт осыған дейін нақты қандай шаруалар атқарылғандығынан, болашақта қандай өзгерістер орын алатындығынан хабардар болды. «Nur Otan» партиясы жаңа идеялармен, жаңа көзқарастармен толықты», - деді электротехникалық колледж директоры.

Оның айтуынша, онлайн дауыс берудің арқасында праймериз барынша әділ өтті.

«Егер дауыс беру қағаз күйінде жүргізілсе, қандай да бір бұрмалау фактілері орын алуы мүмкін еді. Ал онлайнда ондай заңбұзушылықтарға жол берілмейді. Осының арқасында, әр азамат өзі қалаған кандидатқа дауыс берді деп ойлаймын. Халық әр секунд сайын сайттан қатысушылардың қанша дауыс жинағанын қадағалап отырды», - деді Азат Сарпеков.

Айта кетейік, праймеризге Семей қаласы бойынша 128 адам қатысты.