"Премьер-министр COVID-19 жұқтырды": Үкімет түсініктеме берді

0
695

Бұған дейін бірқатар саясаткер коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың арасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бар


ERNUR.KZ. Премьер-министрдің баспасөз қызметі Асқар Маминге коронавирус диагнозы қойылды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады sputniknews.kz.


"Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминге коронавирус диагнозы қойылғаны туралы кейбір Telegram-арналарда таралған ақпарат жалған әрі шындыққа сәйкес келмейді", - делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкімет басшысы қазір кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр.

"2020 жылдың 10 шілдесінде мемлекет басшысының қатысуымен өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жүргізіп жатыр",- деп нақтылады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар саясаткер коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың арасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бар.
Одан бөлек індетке шалдыққандар арасында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, депутат Бекболат Тілеухан, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы облысы әкімі Амандық Баталов, Түркістан әкімі Рашид Аюпов бар.