Президент Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды

0
132

​Қаладағы бейнекамералардың жұмысы және басқа да қызметтер жедел басқару орталығынан басқарылады.


Президент Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйлеп, Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды, деп жазады sputnik.kz.

"Бұған дейін менің тапсырмам бойынша Астанада Smart City жобасы қолға алынды. Жақын арада Жедел басқару орталығы іске қосылады. Қаладағы бейнекамералардың жұмысы және басқа да қызметтер осы орталықтан басқарылады. Бұл жүйе түрлі қауіп-қатерге дер кезінде назар аударуға және келеңсіз оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазір платформаны іске қосу үшін деректерді талдау орталығы салынып жатқанын, ол цифрлық инфрақұрылымды құқық қорғау органдары да қолдана алатынын айтты.

"Сол арқылы қаланың қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік туады. "Заң және тәртіп" қағидаты іс жүзінде жұмыс істеуге тиіс. Астана әкіміне осы шаруаны тездетіп аяқтауды тапсырамын. Еліміздегі басқа қалалар да осындай платформаны енгізуге тиіс. Бұл жұмысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі үйлестіруі керек", - деді Тоқаев.