Президент сайлауы осы жылдың 9 маусымында өтеді

0
1 677

Тоқаев бұл туралы республикалық телеарналар арқылы тікелей эфирде Қазақстан халқына жариялаған үндеуінде мәлімдеді.


Президент сайлауы осы жылдың 9 маусымында өтеді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің конституциясына сәйкес 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тоқаев бұл туралы республикалық телеарналар арқылы тікелей эфирде Қазақстан халқына жариялаған үндеуінде мәлімдеді.

Айта кетейік, соңғы кезектен тыс сайлау 2015 жылы 26 сәуірде өткен еді. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берушілердің 97,7 пайызын жинаған болатын.

Сайлауда Мемлекет басшысының өкілеттілігі 2020 жылдың сәуір айына дейін белгіленген.

Ал осы жылдың 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, Қазақстан Президенті міндетіне кіріскен еді.