Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Sputnik V" вакцинасының екінші компонентін алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін алды. Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді", деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.