Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің құрылымын бекітті

0
808

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында елімізде Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылатынын мәлім етті.


Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің құрылымын бекітті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатта Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереже, Агенттіктің құрылымы берілген.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылады.

Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдау Үкіметке тапсырылған.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында елімізде Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылатынын мәлім етті.