Президенттің тапсырмасы бойынша Алматы облысындағы колония тексерілді

0
967

Осы колонияда бүгінгі күні 737 сотталған бар.


Президенттің тапсырмасы бойынша Алматы облысындағы колония тексерілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша 8 тамызда Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/8 колониясы қызметінің ұйымдастырылуын тексерді. Төтенше жағдай осы колонияда орын алған болатын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ішкі істер министрі «Адам құқығын қорғау хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, Халықаралық түрме реформасы Орталық Азиядағы өкілдігі директорының орынбасары Жанна Назарова, ұлттық превентивтік механизмнің мүшесі Игорь Мирошниченко және журналист Тохнияз Кучуков, заң ғылымдарының докторы, пенитенциарист Айдархан Сқақов, ІІМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рүстем Хайдаровпен бірге сотталғандар ұсталатын отрядтар мен камераларды аралап, сотталғандарды ұстаудың тұрмыстық жағдайларымен танысты. Сондай-ақ медициналық- санитарлық көмек көрсету, тамақтандыруды ұйымдастыру және еңбекпен қамту мәселелерін қадағалады.
Осы колонияда бүгінгі күні 737 сотталған бар. Еңбекке жарамды сотталғандардың саны 426 адамды құрайды, 243 адам жұмысқа орналастырылды.Жұмыспен қамту деңгейі 57% құрайды.
Колония аумағында шағын және орта бизнестің 7 нысаны жұмыс істейді, онда 119 сотталған металл құрылымдарын, шлакоблоктар дайындаумен және тігін бұйымдарымен айналысады.
Сапар барысында колониядағы жалпы білім беретін мектепті және кәсіптік-техникалық колледжді аралап көрген министр білім беру үдерісін ұйымдастыру сапасына көңіл аударды. Қоғам өкілдері оқытылатын мамандықтар тізімімен және материалдық-техникалық жабдықталу жағдайымен танысты.
Алматы облысының қоғамдық бақылаукомиссиясының өкілі И. Мирошниченко министрліктарапынан бас бостандығынан айыру орындарындағы жұмыспен қамту ұйымдары және азаматтық қоғаммен өзара диалогты нығайтудағы оң үрдістерді атап өтті.
«ІІМ оң үрдіске бет бұрды. Жұмыс нәтижелері жәй көздің өзіне анық байқалады, барлық ТЖ бойынша дереу шаралар қабылданады. Азаматтық қоғамның жұмысы үшін ешқандай кедергі жоқ», - деді Мирошниченко.
Сондай-ақ, азаматтық қоғамдастықтың өкілі Игорь Мирошниченко түзеу мекемелерін жаңғырту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.
Министр азаматтық қоғам өкілдерімен бірге сотталғандардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында негізінен ұстау режимі, қылмыстық істер, тұрғылықты жері бойынша ауыстыру және құжаттандыру мәселелері бойынша 37 адам жүгінді.
Сотталғандарды қабылдағаннан кейін ішкі істер министрі азаматтық қоғам өкілдерімен бірге келіп түскен ұсыныс-тілектердің барлығын талқылап, бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың жағдайын жақсартуды оңтайландыру бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарды қарау туралы шешім қабылданды.
Бұдан соң ведомство басшысы Алматы облысының ҚАЖД жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте колония қызметкерлерінің жазаларды орындау саласындағы заңнамаларды және сотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақтауына баса назар аударды, сондай-ақ мекемеде орын алған төтенше жағдайды тексеру нәтижелерін қарады.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі