Прокуратура 14 адамның өмірін қиған Семейдегі өрттің себебін жариялады - іс сотқа жолданды

0
524

Қылмыстық іс сотқа жолданды.


Прокуратура 14 адамның өмірін қиған Семейдегі өрттің себебін жариялады - іс сотқа жолданды

ERNUR.KZ. Прокуратура Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, сотқа жолдады, деп жазады sputnik.kz.

Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы" орман өрті биыл 8 маусымда болған. Салдарынан 60 мың гектар орман қоры жойылып, резерваттың Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қайтыс болды.
"Тергеу кезінде өрттің шығуына құрғақ ағашқа түскен найзағай себеп болғаны белгілі болды. Бұл нұсқа сарапшы, маман қорытындыларымен, фото/видео түсірілімдерімен, куәлардың айғақтары және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталды", - дейді ведомство.
Бас прокуратураның айтуынша, өрт кезінде "Семей орманы" резерваты және Новошульбинск филиалының басшылығы өздеріне заңмен жүктелген өрт сөндіру өкілеттіктерін орындамаған, жағдайды теріс бағалаған және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген.
""Семей орманы" резерваты және Новошульбинск филиалы басшылығы Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі "Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша кінәлі деп танылып, "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сотқа дейінгі тергеу әлі жүріп жатыр", - дейді бас прокуратура.