Путин Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты марапаттау қағазын ұсынды

0
138


Путин Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты марапаттау қағазын ұсынды

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыс етті, деп жазады Stan.kz.




Аталмыш құжат Ресей қорғаныс министрлігінің мұрағатынан алынған екен. Құжат бойынша ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Алайда бұл атақ Кемел Тоқаевқа берілмеді.

Кемел Тоқаев Польша жеріндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен мараппаталды.


Бұрын белгілі болғандай, гвардия сержанты Кемел Тоқаевтың марапаттау парағы желіге тарап кетті.

Кемел Тоқаев 1942 жылы майданға шақырылып, көп ұзамай 226-атқыштар дивизиясында отряд командирі болды. Жараланған соң 7-гвардиялық танк полкінде қызмет етті. Кемел Тоқаев "Солдат соғысқа аттанды" атты кітабында майданда шайқасқандардың қасіреті мен қасіретін суреттейді.