QazVac-ты бағалау және тану үшін ДДСҰ-ның екінші тобы арнайы келеді

0
623

Алексей Цой қазір бағалау процесі жүріп жатқанын жеткізді.


QazVac-ты бағалау және тану үшін ДДСҰ-ның екінші тобы арнайы келеді

ERNUR.KZ. QazVac-ты бағалау және тану үшін ДДСҰ-ның екінші тобы арнайы келеді, деп жазады sn.kz

ДДСҰ-да қазақстандық вакцинаны тану мәселесі қалай жүріп жатыр? Халықаралық ұйым QazVac-ты қашан мойындайды? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Денсаулық сақтау министрінен сұрады.


Алексей Цой нақты мерзімін айта алмайтыны, қазір бағалау процесі жүріп жатқанын жеткізді.

«Мемлекет басшысының вакцинаны тіркеу туралы тапсырмасы бар. Біз ДДСҰ-ның штаб-пәтеріне де, ДДСҰ-ның Еуропалық бюросына да вакцинаны мойындау рәсімін жүргізу үшін тиісті топ, комиссия жіберсін деп жүгіндік. Бұл күрделі, көп сатылы формат. Бірінші кезеңде алғашқы топ келді. ДДСҰ қызметкерлері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеумен айналысатын біздің реттеушімізді бағалады. Ұсынымдар берілді. Жақын арада келесі топ келеді деп отырмыз, ол өндірістік алаңдарды және т.б. бағалайтын болады Яғни, белгілі бір жұмыс регламенті бар. ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі де белсенді қатысуда. Уақыт өте келе белгілі болады. Тиісті аудиттер қалай жүргізіледі және әріптестеріміз қандай ұсыныстар береді? Осыдан кейін бұл процедураның аяқталу мерзімі анықталады», - деп түсіндірді Цой.