Ресей Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан 6 қазақстандықтың біреуі үшін сақтандыру төлеген

0
86

​AZAL ұшағы былтыр 24 желтоқсан күні Ақтау маңына құлаған еді.


Ресей Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан 6 қазақстандықтың біреуі үшін сақтандыру төлеген

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Ресей Сыртқы істер министрлігі БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған AZAL ұшағы апатына байланысты сақтандыру төлемдері жасалмаған деген мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақтау қаласына жақын маңда болған апатқа қатысты бірқатар ақпарат көздерінде сақтандыру төлемдері төленбеді деген хабар тараған еді.

«Әзербайжан Әуе жолдары» компаниясына ұшақтың толық сақтандыру құны ретінде 1,003 миллиард рубль өтемақы төленді.Сонымен қатар жолаушылар мен қаза тапқандардың отбасыларына сақтандыру төлемдері жасалды. Жалпы сома 358,4 миллион рубльді құрады», - делінген Ресейдің мәлімдемесінде.

Оның ішінде:

  • Ресейдің 15 азаматының 7-уіне,
  • Әзербайжанның 38 азаматының 35-іне,
  • Қырғызстанның 3 азаматына толық,
  • Қазақстанның 6 азаматының 1-іне сақтандыру төлеген.

Қалған зардап шеккендер мен олардың туыстарымен келіссөздер жалғасып жатыр.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда AZAL компаниясына тиесілі Embraer ұшағы Баку–Грозный бағытында ұшып бара жатып, Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе кемесінде 67 адам болған, оның ішінде 5 экипаж мүшесі бар.

Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, Әзербайжан, Ресей және Қазақстан азаматтары қайтыс болды.