Бұл туралы Ресей үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Ресей Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде сабақ беретін 3 мектеп салады, деп жазады baq.kz.
Бұл туралы Ресей үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук мәлімдеді.
Біз бұл мәселені үкіметаралық комиссияның отырысында да талқыладық. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілі бойынша халықаралық ұйымның құрылуы бастамасы үшін алғыс айтамыз. Ол келісімге 13 қазанда ТМД елдері басшыларының кеңесінде қол қойылды. Қазір біз Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде сабақ беретін үш мектептің құрылысын детальді түрде талқылап жатырмыз, - деді Алексей Оверчук.
Оверчук бірқатар ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары Қазақстанда ашылғанын атап өтті.
Ресейдің ауыл шаруашылығы ЖОО-сының филиалын ашу жұмыстарын пысықтап жатырмыз,- деді ол.