Қасым-Жомарт Тоқаев Петербургта өткен Халықаралық экономикалық форум барысында Қазақстан ДХР және ЛХР деп аталатын квазимемлекеттік аумақтарды мойындамайтынын мәлім еткен еді.
ERNUR.KZ. Ресей СІМ-нің ресми спикері Мария Захарова кезекті брифинг барысында Ресей Қазақстанға оның Украинадағы қақтығысқа қатысты ұстанымына байланысты қысым көрсетпейтінін мәлімдеді. Дипломат Ресей Қазақстанның халықаралық мәселелер бойынша позициясын құрметтейтінін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.
Мария Захарованың айтуынша, Мәскеу өзара құрмет пен пайда негізінде Нұр-Сұлтанмен байланыс орнатады. Ресейдің СІМ өкілі РФ өз серіктестерін құрметтейтінін алға тартты.
"Мәскеу мен Нұр-Сұлтанның тығыз одақтастық қарым-қатынас пен өзара тиімді интеграциялық байланыс орнату бағыты өзгерген жоқ. Санкт-Петербургтағы президенттердің кездесуі осыны растады", – деді Мария Захарова.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Петербургта өткен Халықаралық экономикалық форум барысында Қазақстан ДХР және ЛХР деп аталатын квазимемлекеттік аумақтарды мойындамайтынын мәлім еткен еді. Сонымен қатар ол бірқатар ресейлік депутат, журналист пен мәдениет қайраткерлерінің Қазақстан туралы айтқан қисынсыз пікірлерін сынға алды.