Ресей шекарасындағы Қытай қаласы жабылды

0
638

​Локдаун 28 қазанда күшіне енгізілген болатын.


Ресей шекарасындағы Қытай қаласы жабылды

ERNUR.KZ. Ресей шекарасындағы Хэйлунцзян провинциясында орналасқан Қытайдың Хайхэ қаласында індеттің өршуі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Жергілікті билік осы жағдайға байланысты қаланы жабуды ұйғарды. Осы күнге дейін шамамен екі жүз адам коронавирус жұқтырған. Билік тұрғындардан шекараны заңсыз кесіп өткендер, аң мен балық аулауға шыққандар және импорттық тауарларды интернет арқылы сатып алғандар туралы хабарлауды сұрады.

Локдаун 28 қазанда күшіне енгізілген еді. Ереже бойынша, отбасыдан бір адам екі күнде бір рет үйден шыға алады, қоғамдық көлік пен такси жүрмейді, қалаға кіруге және одан шығуға тыйым салынды.