Ресейден Қазақстанға трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі экстрадицияланды

0
110

Күдікті 2023 жылы Ресейде сату мақсатында акцизделетін тауарларды (темекі өнімдерін) Қазақстан аумағында сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған.


Ресейден Қазақстанға трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі экстрадицияланды

Бейнеден алынған кадр

ERNUR.KZ. Ресей Қазақстанға трансұлттық қылмыстық топ құрамында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдіктіні берді, деп жазады tengrinews.kz.

Күдікті 2023 жылы Ресейде сату мақсатында акцизделетін тауарларды (темекі өнімдерін) Қазақстан аумағында сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған.

"Нәтижесінде Қазақстан бюджетіне 1 миллиард теңгеден аса акциз алымы түспей қалған. Қылмыс жасағаннан кейін қаскөй жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған", - деп хабарлады Бас прокуратура.

2025 жылғы сәуірде Қазақстан азаматы Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкін тәркілеп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.