Ресейлік "Спутник V" вакцинасы Қазақстанда қанша тұрады?

0
1 466

​Коронавирусқа қарсы вакцинаның құнына өндіріс шығындары, мамандардың жалақысы және логистика ақысы кіреді.


Ресейлік

ERNUR.KZ. Қазақстанда шығарылған ресейлік "Спутник V" вакцинасының құны Ресейдегіден қымбаттау болуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ресейде вакцинаның шекті құны – 1 942 рубль (26 доллар) немесе шамамен 11 мың теңге.

"Вакцинаның құны өндіріске байланысты болады. Қарағанды фармацевтикалық кешені оны өндіргеннен кейін логистикаға, өндіріске, мамандарға кететін шығындар белгілі болады. Егер логикаға салып, логистиканы ескеретін болсақ, ол (Қазақстанда) қымбатырақ болады. Оның үстіне вакцинаны белгілі бір температурада тасымалдау керек", - деді Асылбеков.



Бұған дейін Қазақстан премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешенінде болып, "Спутник V" вакцинасы өндірісін іске қосты.

Кешен базасында екі миллион доза вакцина кезең-кезеңімен шығарылады.

Қазақстанда өндірілген "Спутник V" вакцинасын жаппай егу 2021 жылдың ақпанында басталады.

Бірінші кезекте медициналық қызметкерлерге, педагогтарға, студенттерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, медициналық-әлеуметтік мекемелер контингентіне, сондай-ақ созылмалы ауруларға шалдыққан тәуекел топтарының өкілдеріне ерікті түрде вакцинация жасалады.