Ресейліктер Қазақстанда үш айда 160-тан астам компания ашқан

0
364

2022 жылдың 24 ақпаны мен 20 мамыры аралығында Қазақстанда 448 резидент емес заңды тұлға тіркелген.


Ресейліктер Қазақстанда үш айда 160-тан астам компания ашқан

ERNUR.KZ. Украинадағы әскери іс-қимылдар басталғалы бері Қазақстанда Ресей азаматтарының 163 заңды тұлғасы тіркелген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттік кірістер органдарының деректеріне сүйене отырып, 2022 жылдың 24 ақпаны мен 20 мамыры аралығында Қазақстанда 448 резидент емес заңды тұлға тіркелгенін мәлімдеген. Оның ішінде 163-і – Ресей азаматтарының тікелей қатысуымен тіркелген. Сондай-ақ Алматыда – 64, Нұр-Сұлтанда 60 компания құрылған.

Ресейліктердің ең танымал салалары: көтерме және бөлшек сауда, автомобиль және мотоцикл жөндеу – 85 заңды тұлға, ақпарат және байланыс – 22, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 15, қызметтің басқа түрлерін көрсету – 10, өңдеу өнеркәсібі – 9.

«Бұған қоса айта кетерлігі, тіркеуге қою үшін салықтық өтініштерді енгізу және өңдеу тіркеуге қоюға өтініштер берілген күні жүзеге асырылады. Тиісінше, резидент еместерді тіркеуге берілген өтініштердің саны туралы ақпарат жоқ", - деді ИИДМ өкілдері.