Ресейліктер Қазақстанның үш қаласында ЖЭО салады

0
556

Үкімет қаулысының жобасы шықты.


Ресейліктер Қазақстанның үш қаласында ЖЭО салады

ERNUR.KZ. "Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларын салу жобалары туралы келісімге қол қою туралы" қаулы жобасы шықты, деп жазады Inbusiness.kz.

Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Келісім тараптардың ынтымақтастық шарттарын Қазақстан Республикасының аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобаларын іске асыру бойынша, жобалау, дайындау бойынша жұмыстарды орындауды қоса алғанда жобалардың әрқайсысы үшін талап етілетін және келісілген көлемде, сондай-ақ жеңілдікті қаржыландыруды немесе мемлекеттік экспорттық кредитті ұйымдастыру бойынша барлық талап етілетін жобалармен жүйелермен, ғимараттармен және құрылыстармен жаңа электр станцияларын салу және пайдалануға беру бойынша айқындайды.

Жобаларды іске асыруға жауапты ұйымдар:

Қазақстан тарапынан - Тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыратын "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы;

Ресей тарапынан - Бас мердігердің функциял арын жүзеге асыратын "Интер РАО" компаниялар тобына кіретін және өзінің қосалқы мердігерлері ретінде тиісті ұйымдарды тартуға құқылыосы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Интер РАО - Экспорт".

Жобалар мынадай кезеңдерде іске асырылады:

№ 1 кезең – электр станцияларын кейіннен қатты отыннан табиғи газға ауыстыру мүмкіндігін ескере отырып, жобалардың әрқайсысы бойынша қажетті сараптамалар жүргізе отырып, жобалау құжаттамасын әзірлеу;

№ 2 кезең – жұмыс құжаттамасын әзірлеу, жабдықтар мен материалдарды жеткізуді жүзеге асыру, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау, осы Келісімге қол қойылған күні Ресей Федерациясының аумағында қолданыстағы нормалардың талаптарына сәйкес қазандық қондырғыларының экологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз ете отырып, генерациялайтын жабдыққа қатысты қызметтер көрсету;

№ 3 кезең – жұмыс құжаттамасын әзірлеу, жабдықтар мен материалдарды жеткізуді жүзеге асыру, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау, Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормалардың талаптарына сәйкес электр станцияларының экологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз ете отырып, газ тазарту жүйесіне қатысты қызметтер көрсету, оларды қазақстандық тарап жобаларға қатысты мерзімдерде айқындайтын және ұсынатын болады.

Жаңа электр станцияларын іске қосқаннан кейін тапсырыс беруші электр станцияларын пайдалануды және оларды пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес техникалық қызмет көрсетуді іске асырады.

Айта кетейік, келісім энергетикалық қауіпсіздікті сақтауға және ел экономикасы мен халқын сенімді электрмен жабдықтауға бағытталған.

Қаулы жобасы 28 желтоқсанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.