Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылдың 10 ақпанында сағат 14.24-те жер сілкінісін тіркеді.
Эпиорталығы Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 км жерде Ресей аумағында (Алтай Республикасы, таулы жер, Қазақстан шекарасынан 30 км жерде) орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МSК -64 шкаласы бойынша): Риддер қаласында 2 балл.
Жағдай тұрақты.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ.
ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізуде.
ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.