Қырғызстан Ресейден келетін жолаушыларды тексеруді күшейтті

0
180

Бұл шаралар Ресейдің Иркутск қаласында обаға қарсы күрес институты қызметкерінің этиологиясы белгісіз пневмониямен ауырғаны туралы ақпараттан кейін қабылданды.


Қырғызстан Ресейден келетін жолаушыларды тексеруді күшейтті

Фото: Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

ERNUR.KZ. Қырғызстан мемлекеттік шекара бекеттерінде алдын алу шаралары мен санитарлық-карантиндік бақылауды күшейтті, деп жазады inform.kz.

Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар Ресейдің Иркутск қаласында обаға қарсы күрес институты қызметкерінің этиологиясы белгісіз пневмониямен ауырғаны туралы ақпараттан кейін қабылданды. Қырғызстандағы барлық санитарлық-карантиндік бекеттер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, ал жағдайды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бақылауда ұстауда.
— Санитарлық-карантиндік бекеттер жұқпалы аурулардың, соның ішінде аса қауіпті инфекциялардың елге кіруі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік шекарадан кіріп келе жатқан адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді санитарлық-эпидемиологиялық тексерістен өткізіп жатыр, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Обаға қарсы күрес институты қызметкері қайтыс болғаннан кейін Роспотребнадзор Иркутск облысындағы және Иркутск және Шелехов қалаларындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тексерген болатын.