Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. Рудный қаласында автобус жүргізушісі 60 жастағы әйелді қағып, ол оқиға орнында қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы оқиға Рудный қаласындағы автовокзал маңында болған. Автобус жүргізушісі солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Оқиға салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Қаза тапқан әйелдің жасы 60-та болған», — деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша полиция жол-көлік оқиғасы фактісін тіркеп, қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.
Полиция тұрғындарды жол ережелерін қатаң сақтауға және жол қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.