Самарадағы жол апаты: 7 қазақстандық ауруханаға жеткізілді

0
173


Самарадағы жол апаты: 7 қазақстандық ауруханаға жеткізілді

ERNUR.KZ. Самара маңындағы жол апатында зардап шеккен 7 қазақстандық Орал қаласының ауруханаларына жеткізілді, деп жазады Sputnik Қазақстан.




Жол апаты "Самара – Большая Черниговка" тас жолында болған. Ресей аумағында қазақстандық азаматтардың қатысуымен болған жол апаты туралы хабар түскен бойда оқиға орнына шұғыл түрде алты жедел жәрдем бригадасы жолға шықты. Әрбір бригада бір-бір адамнан алып кетсе, тағы бір зардап шеккен отандасты құтқарушылар Орал қаласына жеткізді.
"Бүгін таңертең ерте зардап шеккен 5 ересек адам Орал қалалық көпбейінді ауруханасына, 2 бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына емдеуге жатқызылды, онда оларға медициналық көмектің толық көлемі көрсетіледі", - дейді дәрігерлер.
Апаттан зардап шеккендерде мидың шайқалуы, аяқ-қолдардың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, көгеру, гематома және орташа ауырлық дәрежесіндегі көптеген жарақаттар тіркелді. Оларды тасымалдау кезінде денсаулықтың нашарлауына жол берілген жоқ.