Бұл жайында Ақордада журналистерге қор басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлім етті.
ERNUR.KZ. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры әкімшілік басқару персоналын оңтайландыруға қатысты корпоративтік шешім қабылдады. Бұл жайында Ақордада журналистерге қор басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлім етті, деп жазады baq.kz.
Оның айтуынша, қысқарту еңбек заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Біз еңбек заңнамасы аясында жұмыс істейміз. Наурыз айының соңына дейін бұл мәселе толық шешіледі деп сенеміз. Жалпы, Астана қаласында “Самұрық-Қазына” тобына қарасты компанияларда 6500 адам жұмыс істейді. Соның шамамен 650-ге жуығы қысқартылуы мүмкін, – деді Нұрлан Жақыпов.
Еске салайық, оңтайландыру шаралары әкімшілік басқару персоналын қысқартуға бағытталған.


