"Самұрық-Қазынаның" жыл сайынғы кірісі "Қазақстан халқына" қорына аударылады

0
757

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор-балаларға" жобасын іске қосу жоспарланып отыр.


ERNUR.KZ. Жыл сайын "Самұрық-Қазына" қорының таза кірісінің кемінде 7 проценті "Қазақстан халқына" қорына аударылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Жыл сайын "Самұрық-Қазына" қорының таза кірісінің кемінде 7 проценті "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аударылатын болады. Тиісті құжатты жыл соңына дейін қабылдау көзделуде", - деді Қуантыров үкімет отырысында.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор-балаларға" жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Яғни балалардың арнайы жинақтаушы шотына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 проценті аударылып тұрады.

Ақшаны мерзімінен бұрын алуға тыйым салынады. Бала 18 жасқа толғаннан кейін шотта жиналған қаржыны баспана сатып алуға және білім алуға жұмсауға мүмкіндік беріледі.