Сара Назарбаева қазақстандықтарға үндеу жасады

0
537

​"Бөбек" қорының негізін қалаушы балаларды тәрбиелеуге арналған халықаралық форумға қатысты. Жиын онлайн-форматта өтті.


Сара Назарбаева қазақстандықтарға үндеу жасады

ERNUR.KZ. Сара Назарбаева қазақстандықтарды бір-біріне құрмет танытып өмір сүруге шақырды, деп жазады sputniknews.kz.

"Бөбек" қорының негізін қалаушы балаларды тәрбиелеуге арналған халықаралық форумға қатысты. Жиын онлайн-форматта өтті.

"Сіздер - мұғалімсіздер, игі іс атқарып жатырсыздар. Өте жауапты қызмет. Өйткені балаларды дұрыс тәрбилеу керек. Балабақшада, мектепте тәрбиешілер мен мұғалімдер баланың жанында болады. Балаларды үнемі адами құндылықтарға баулу керек. Баршаға құрмет танытуға үйрету қажет", - деді ол.

Шара дүниежүзілік балалар күніне арналған. Қазіргі уақытта "Бөбек" қоры балалар үйінің 8 мыңға жуық тәрбиленушісіне қолдау көрсетеді. Қордың тәрбилеу әдістемесін балабақшалар, мектептер мен колледждер қолданады. Шетелде де қазақстандық тәжірибе қолданылып жатыр. Мәселен, Таиландтағы орталықта балаларды "Өзін-өзі танудың" қазақстандық әдістемесі бойынша оқытады.