Сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияда емделіп келді

0
109

Ербаян Мұхтар Түркияда емнің келесі кезеңін аяқтап, Астанаға аман-есен оралды.


Сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияда емделіп келді

Ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. Әскерде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияда емделіп, Астанаға аман-есен оралды, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ербаянның қорғаушысы Инга Иманбай хабарлады. Оның сөзінше, Ербаян Мұхтар Түркияда емнің келесі кезеңін аяқтап, Астанаға аман-есен оралды.

- Қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлер ем толық әсер етуі үшін кемінде 3 ай уақыт қажет екенін айтты. Сол себепті үш айдан кейін Ербаян қайтадан Стамбулға барып, емнің реабилитациялық бөлігін жалғастырады. Ербаянның ата-анасы және заңды өкілі ретінде барлық қолдау білдірген жандарға алғыс айтамыз, – дейді Инга Иманбай.

Оның сөзінше, Ербаянның жарақаттары ауыр болғандықтан өзгеріс қатты байқалмайды.

- Екі рет шетелде ем алу — үлкен еңбек пен жанашырлықтың нәтижесі. Алайда жарақатының ауырлығына байланысты өзгеріс бірден байқалмай отыр. Бұл – дәрігерлер күтетін де, біз түсінетін де процесс. Соған қарамастан, Ербаян өзіне лайықты өмір сүру үшін күресіп жатыр. Оған осы жолда сіздердің қолдауларыңыз күш беріп келеді, – дейді қорғаушы.

ЕРБАЯННЫҢ ОҚИҒАСЫ

Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған.