Сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді

0
144

Инга Иманбай сарбаздың Астанадан Ыстанбұлға 27 қыркүйекте таңғы сегізде ұшып кеткенін айтады.


Сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді

Фото Инга Иманбайдың желідегі парақшысынан алынған

ERNUR.KZ. Құқық қорғаушы Инга Иманбай желідегі парақшасында сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілгенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Инга Иманбай жазбасында сарбаздың Астанадан Ыстанбұлға 27 қыркүйекте таңғы сегізде ұшып кеткенін айтады.

"Ербаян Стамбулға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі. Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз", – деп жазды Инга Иманбай.

Айта кетейік, шамамен он күн бұрын Ербаянның әкесі Хамит Аймағамбетов баспасөз конференциясында сарбаздың қашан емделуге жіберілетіні туралы жауап берген еді. Сол кезде Хамиттің айтуынша, құжаттармен байланысты қиындықтар және ұлының жағдайы бұл шараны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген. Жаз айларында қазақстандықтар жігіттің емделуіне қаржы жинағанын жазған едік.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік талап еткені туралы жазған едік. Содан кейін бас әскери прокуратура Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Жақында оның ауруханадан шығарылғаны айтылды.