Сәтбаевта белгісіз ер адам әйелге тап берген: қорқынышты оқиғаның видеосы тарады

0
139

​Ұлытау облысының полиция департаменті комментарий берді.


Сәтбаевта белгісіз ер адам әйелге тап берген: қорқынышты оқиғаның видеосы тарады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Сәтбаев қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адам әйелге тап беріп, сүйрей жөнелген. Әйел айқайлаған кезде көршілер көмекке шығып, күдікті қашып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиғаның видеосы kozachkow телеграмм каналында тарап жатыр. Бейнекамераның жазбасына қарасақ, үйге кіріп келе жатқан әйелді еңгезердей еркек аузын басып, сыртқа сүйрей жөнелген. Әйел қатты айқайлаған кезде далаға қашып кеткен. көршілер де көмекке келгенін байқауға болады.

Ұлытау облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлап отыр.

«Әйел адамға шабуыл жасау фактісі бойынша Сәтбаев қаласы полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында, күдіктіні анықтап, ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.