Өртенген пәтерден 4 жасар бүлдіршіннің мүрдесі табылды

0
1 083

«29 қаңтар күні сағат 05.22-де Қарағанды облыстық ТЖД «101» пультіне Сәтбаев қаласының Байқоңыров көшесі бойындағы екі қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар түсті. Өрт бірінші қабаттағы пәтерден шығып, қызыл жалын 8 шаршы метр аумаққа тараған. Сағат 05.52-де өрттің алды алынып, 06.12-те толық өшірілді.


Өртенген пәтерден 4 жасар бүлдіршіннің мүрдесі табылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында өртенген пәтерден 4 жасар бүлдіршіннің мүрдесі табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«29 қаңтар күні сағат 05.22-де Қарағанды облыстық ТЖД «101» пультіне Сәтбаев қаласының Байқоңыров көшесі бойындағы екі қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар түсті. Өрт бірінші қабаттағы пәтерден шығып, қызыл жалын 8 шаршы метр аумаққа тараған. Сағат 05.52-де өрттің алды алынып, 06.12-те толық өшірілді. Өрт орнынан 2015 жылы дүниеге келген қыздың күйген мүрдесі табылды», - деді ресми өкіл.

Оның дерегінше, өрт салдарынан күйік шалып, иіс тиіп уланған 30 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды. Оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД жеке құрамының 22 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылды.