Сәтбаевтағы тәртіпсіздік кезінде полиция бастығына жабуыл жасалды (видео)

0
857

Полицей оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алғанын мәлімдеді.


Сәтбаевтағы тәртіпсіздік кезінде полиция бастығына жабуыл жасалды (видео)
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Сәтбаевта бес жасар қыз жоғалған түні Жезқазған полиция бөлімі бастығының адамдардың қоршауында қалып қойған сәті видеоға түсіп қалды. Кадрлардан полиция бастығының соққыға шығылғанын көруге болады, деп жазады kaz.nur.kz.

Видеоның жазбасында Жезқазған полиция бөлімі бастығының қыз жоғалған түні оқиға орнына келгені айтылады.

Кадрлардан оны ондаған адамның қоршап алғанын көруге болады. Сол сәтте белгісіз біреудің Амангелді Құрмановқа соққы жасағаны көрінеді. Содан соң жақын тұрған адамдар полицейге бас салған.



Бүгін Амангелді Құрмановтың өзі болған жайтты растап отыр. Жезқазған полиция бөлімінің бастығы оқиғаның мән-жайын баяндады.

Айтуынша, Сәтбаевтағы жағдайды естіген бойда ол жеке құраммен бірге оқиға орнына аттанған. Ол кезде оқиға орын алған үйдің маңында ондаған адам жиналып, тәртіпсіздік ұйымдастыра бастаған, күдіктінің өздеріне беруді талап еткен.


"Топтың ішінде біреу мені танып қойып, полиция бастығы деп айқайлады. Олар менен күдіктіні беруімді талап етті", – дейді Құрманов.


Полицей оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алғанын мәлімдеді. Ал өзінің мас күйде болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.