Отандық туроператорлар Сауд Арабиясында Қазақстанның туристік әлеуетімен таныстырды.
ERNUR.KZ. Осы күндері 11 қазақстандық туристік және қонақ үй компанияларынан құрылған делегация Эр-Риядтағы туристік көрмеге қатысып, сондай-ақ Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі, Kazakh Tourism Ұлттық мкомпаниясы мен Шымкент қаласы әкімдігіның қолдауымен өңірдің негізгі турагенттері және туроператорларымен B2В кездесулер өткізіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Сауд Арабиясы Корольдігінің түкпір-түкпірінен келген сала мамандары мен саяхат әуесқойлары үшін маңызды оқиға болып табылатын Riyadh Travel Fair 2023 жылдың 22-24 мамыры аралығында Эр-Рияд халықаралық көрме орталығында өтіп жатыр.
Көрмеге туризм және авиация саласындағы түрлі ірі компаниялардың өкілдері қатысуда. Сонымен қатар, үш күндік көрмеге 24 мыңнан астам адам қатысты.
Көрме аясында Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы Қазақстанда қолжетімді бірегей көрікті жерлер мен туристік өнімдермен таныстыру мақсатында қазақстандық компаниялар үшін жергілікті турбизнеспен B2В кездесулер ұйымдастырды.
Айта кету керек, Сауд Арабиясынан Қазақстанға келушілер саны 2022 жылы күрт өсті. Егер бұрын Қазақстанға 900-ден астам адам келсе, өткен жылы олардың саны 6 мың адамға дейін өсті.
Бұл тікелей рейстердің, визасыз режимнің, сондай-ақ бұрын өткізілген B2В кездесулердің арқасында Сауд Арабиясы азаматтарының Қазақстанға сапарларға деген қызығушылығының артуының салдары болды.
Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының болжамы бойынша биыл Сауд Арабиясы Корольдігінен Қазақстанға туристік ағынның кемінде бір жарым есе артуы күтіліп отыр.
«Визасыз режимнің енгізілуі және тікелей әуе қатынасының ашылуымен Сауд Арабиясы біз үшін келу туризмін дамытудың басым нарықтарының біріне айналды. Өткен жылы біз САК туристерінің 7 есе өсуін байқадық, бұл бізді осы аймақта белсенді ілгерілетуді жалғастыруға ынталандырады. Сондықтан, Қазақстан стендін және B2В кездесулерін ұйымдастыруға көмектескені үшін Елшілікке алғыс айтамыз. Біздің туроператорларымыз, еліміздің басқа өңірлерінің туристік әкімшіліктерінің осындай қолдауы мен белсенділігінің арқасында біз одан да көп Араб туристерін тарта алатынымызға және олардың Қазақстанның бірнеше аймақтарына тарта алатынымызға сенімдімін», - деді Kazakh Tourism төрағасы Талғат Аманбаев.