Сәуір айында елімізде 7 бала терезеден құлаған

0
624

Бала үшін үйдегі қауіптің бірі – ашық терезе.


Сәуір айында елімізде 7 бала терезеден құлаған

ERNUR.KZ. Қазақстанда жыл басынан бері 13 бала терезеден құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Елімізде күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілген. Карантин кезінде көп бала үйде отыр. Бұл кезде олардың ата-анасы қауіпсіздік шараларын ұмытпауы тиіс. Бала үшін үйдегі қауіптің бірі – ашық терезе.

Осылайша, 1-28 сәуір аралығында республикада көпқабатты үйлердің терезесінен 7 бала құлаған. 2-8 жас аралығындағы 5 бала ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғалар Қарағанды (3), Павлодар (1), Жамбыл облыстары (1) мен Нұр-Сұлтан қаласында (2) болған.

Жыл басынан бері көпқабатты үйдің терезесінен 13 бала құлады. Бұл оқиғалар Қарағанды облысы (3), Нұр-Сұлтан қаласы (3), Павлодар облысы (3), Алматы қаласы (2), Батыс Қазақстан облысы (1), Ақтөбе облысы (1) және Жамбыл облысында (1) орын алған.