12 маусымда Қаштақ, Озерки, Талица ауылдарының тұрғындары түсіріп алған.
ERNUR.KZ. Семей маңындағы ауылдардың тұрғындары әлеуметтік желіге орман өртінің қорқынышты суреттерін жариялады, кадрлар өрт қалаға жақындай түскендей әсер қалдырады, деп жазады tengrinews.kz.
Кадрларды 12 маусымда Қаштақ, Озерки, Талица ауылдарының тұрғындары түсіріп алған. Фото және видеода түтін мен жалын көрінеді.
Бір күн бұрын облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков Талица, Половинки және Қаштақ ауылдары орман қорының аумағынан тыс жерде, сондықтан өрт шығу қаупі төніп тұрған жоқ деп сендірді.
Шенеуніктің айтуынша, өртке қатысты жалпы жағдай бақылауда, бірақ аптап пен желдің әсеріне байланысты оқшаулау туралы айту әлі ерте.