Семейде бір ай бұрын жоғалған апалы-інілі бауырлардың бірінің денесі табылды

0
443

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында судан табылды.


Семейде бір ай бұрын жоғалған апалы-інілі бауырлардың бірінің денесі табылды

ERNUR.KZ. Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілді. Бүгін біреуінің денесі табылды, деп жазады inform.kz.

Іздеу шаралары Ұлттық ұлан, полиция, құтқарушылар, еріктілер, сондай-ақ белсенді азаматтарды тарта отырып жүріп жатыр.

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында судан табылды.


балалар

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп, бірқатар сараптама тағайындалды.

Кәмелетке толмаған екінші баланы іздеу жалғасып жатыр.

Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.