Семейде оқушы қыз соққыға жығылды

0
1 249

Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді.


Семейде оқушы қыз соққыға жығылды

ERNUR.KZ. Семейде оқушы қыз соққыға жығылды. Полицияға оның құрдастары – өзге оқушы қыздар ата-аналарымен бірге жеткізілді, деп жазады Stan.kz.

Полицейлер Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында видеожазба анықтаған. Онда қала мектептерінің бірінде оқитын оқушы қыздар өзге оқушы қызға дене жарақатын салып жатқан.

"Оқиға 10 сәуір күні Семей қаласында болған.

Бүгін, яғни 15 сәуір осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - делінген мәліметте.

Сондай-ақ полицейлер көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

Еске салайық, наурыз айының соңында АДК сауда үйінің әжетханасында колледжде оқитын бойжеткен соққыға жығылған болатын. Кейін әлеуметтік желіде бойжеткенді ұрған оқушы қыздың әкесі Антикорда қызмет ететіні жайлы ақпарат тарай бастады.

Кейін әлеуметтік желіде бойжеткенді ұрған оқушы қыздың әкесі Антикорда, анасы Өскемен қалалық білім бөлімінде қызмет ететіні жайлы ақпарат тарай бастады. Бірақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов төбелеске қатысқандардың ешбірінің әкесі Антикор қызметкері емес екендігін мәлім етті.

ШҚО Білім басқармасынан білгендей, төбелес шығарған қыздың анасы расымен Өскемен қалалық білім бөлімінде қызмет еткен. Бірақ ол осы оқиғадан кейін өз еркімен жұмыстан кеткен.