Семейде тұрғын үйлерге жақын маңда қалың қамыс өртенді

0
410

Ең жақын тұрғын үй секторы жанып жатқан қамыстан 100-150 метр қашықтықта тұрғаныны хабарланды.


Семейде тұрғын үйлерге жақын маңда қалың қамыс өртенді

ERNUR.KZ. Семейде 3 гектар аумақта қалың қамыс өртенді, деп жазады inbusiness.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі ең жақын тұрғын үй секторы жанып жатқан қамыстан 100-150 метр қашықтықта тұрғанын хабарлады. Өртті сөндіруге 50-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған.

"Сағат 20.22-де өрт ауыздықталды. Айта кету керек, қалың батпақ өрт сөндіру техникасын толық пайдалануды қиындатты. Жел жұмысты тіпті қиындатты. Бұл өрттің өздігінен таралуына мүмкіндік туғызды", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Өрт сөндірушілер өрттің жеке тұрғын үй секторына таралу қаупінің алдын алды. Өрт ошағында периметрді күзетіп, қайта тұтануды болдырмау үшін техника мен жеке құрам әлі де кезекшілікте тұр.