Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып өлтірді (видео)

0
710

Қыз комада 15 сағат жатып, көз жұмды.


Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып өлтірді (видео)

ERNUR.KZ. Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып кетті. Болған оқиғадан кейін 33 жастағы Диана Сүлейменова комаға түсіп, артынша көз жұмды, деп жазады stan.kz.

Құқық қорғаушылар жариялаған сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, оның өлімі ашық бассүйек-ми жарақатының салдарынан болған. Қыздың денесінен тоғыз гематома анықталды, олардың кейбіреулері үш апта бұрын жасалған. Үш апталық гематомалардың қайталанған жарақаттан туындағаны белгілі болды. Бұл тұжырым Диананың жүйелі түрде соққыға жығылғанын көрсетеді.

Диана комада 15 сағат жатып, көз жұмды.

"Күдікті анықталып, ұсталды, оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, соның ішінде сот-медициналық сараптамаларымен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа жіберілді", – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті өкілдері.