​Семейдегі өрт: «Ақшың» сауда үйінің бастамашыл тобы облыс әкімімен кездесті

0
331

Сондай-ақ жұмыссыз қалғандарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін штаб ашылды.


​Семейдегі өрт: «Ақшың» сауда үйінің бастамашыл тобы облыс әкімімен кездесті

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Ақшың» сауда үйіндегі өртте зардап шеккен кәсіпкерлердің бастамашыл топ өкілдерімен кездесті.

Жиында қажетті құжаттарды жинау, субсидия, жалға алу және әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.


«Бүгінгі таңда полиция бөліміне 296 өтініш түсті. Мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл процеске барлық құзырлы орган жұмылдырылған», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Зардап шеккендерге облыс әкімдігі қажетті мемлекеттік қолдау көрсетуде. Мәселен, 35 жасқа дейінгі кәсіпкерлер үшін 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы қарастырылған. Екінші деңгейлі банктерге өрт салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің несиесін төлеуді 3 айдан 6 айға дейін кейінге қалдыру туралы хаттар жолданды, өз өнімдерін өткізу үшін кәсіпкерлерге жакс сауда орындары ұсынылды. Жергілікті университеттер өрттен зардап шеккендердің отбасыларына 6 айға дейін оқу ақысына жеңілдіктер жасайды.

Сондай-ақ жұмыссыз қалғандарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін штаб ашылды. Штаб Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада орналасқан.
Сауда үйіндегі өрттен кейінгі жағдай Абай облысы әкімінің жіті жеке бақылауында.

Жиынға сондай-ақ Семей қаласы әкімдігінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Абай облысы әкімдігі аппаратының өкілдері, облыс әкімдігінің басқарма басшылары, «Атамекен» ҰКП және БАҚ өкілдері қатысты.