Семейдегі жасөсіпірімдер мектепті басып алғаны туралы хабарлама таратты

0
676

Арнайы қызметке жалған қоңырау шалғаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 27 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Семейдегі жасөсіпірімдер мектепті басып алғаны туралы хабарлама таратты

ERNUR.KZ. 13-14 жас аралығындағы екі жасөспірім Семейдегі мектепті лаңкестік жолмен басып алу жоспарланып отырғаны туралы полицияға хабарлап, жалған ақпарат таратқан, деп жазады inbusiness.kz.

"Дабыл алған қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметі оқу орнына келіп, оны бүкіл периметрі бойынша қоршауға алды. Алайда, тексеру жұмыстарының барысында ақпарат расталмады. Кейінірек, лаңкестік акт туралы жалған болжамды 13-14 жас аралығындағы екі жасөспірім хабарлағаны белгілі болды. Ресми дерекке сәйкес, олар жедел арнаға қоңырау шалды", - делінген хабарламада.

Қолданыстағы заңнама бойынша, арнайы қызметке жалған қоңырау шалғаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 27 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Террористік қауіптер туралы көрінеу жалған хабарлар материалдық шығындар түрінде ғана емес, сонымен қатар, полиция мен басқа да төтенше жағдайлар қызметтері үшін қажетсіз алаңдаушылық тудырады. Арнайы қызметтер нақты көмек қажет болатын нақты қылмыстар мен оқиғалардан алшақтауға мәжбүр және әрбір кідірту сәті біреудің өміріне шығын әкелуі мүмкін", - деп атап өтті Абай облыстық Полиция Департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.