Сенат Елбасының тағы бір өкілеттілігін алып тастауды ұсынды

0
528

​Елдің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалары Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алынып тасталмақ.


Сенат Елбасының тағы бір өкілеттілігін алып тастауды ұсынды

ERNUR.KZ. Сенаторлар "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" конституциялық заңға өзгерістертерді енгізу мәселесін қарады, деп жазады sputnik.kz.

Соның аясында Елбасының Қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіреті тоқтатылады. Сенат депутаттары тұңғыш президентпен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін де алып тастауды ұсынды.

"Заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. "Тұңғыш Президент туралы" заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалары Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алынып тасталғалы отыр. Сондықтан да сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспен мәжіліске қайтарып отыр",- деді депутат Ләззат Сүлеймен сенаттың жалпы отырысында.

Жоғарғы палата бұрын айтылған барлық өзгерісті мақұлдады. Соның ішінде Елбасының Қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіретін тоқтату мәселесі де бар. Алайда тағы бір түзетуге байланысты заң жобасы төменгі палатаға қайтарылды.

Енді, бұл түзетуді мәжіліс депутаттары қарайды. Ал қабылдаған жағдайда заң жобасы бірден президентке қол қоюға жіберіледі.