"Шабуыл жасау туралы шешім қабылданды": Ақтөбедегі оқиғаға қатысты тың ақпарат шықты

0
154

13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйден кепілге алу туралы хабарлама келіп түскен.


фото: портал Диапазон

ERNUR.KZ. Ақтөбе полиция департаменті кепілге алынған адамдарды босату кезінде неліктен күш қолдану туралы шешім қабылданғанын түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.
"Күдікті қандай да бір талап қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
Полицияның мәліметінше кепілге алынған әйелмен күдікті бұрыннан таныс болған.
Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылған. Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақатын алған егде жастағы ата-анасы табылған.
Бұған дейін зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмғаны хабарланған болатын. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде.
Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйден кепілге алу туралы хабарлама келіп түскен.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.