Шегірткеге қарсы күрес: 1,8 млн гектар алқап өңделді

0
207

Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіру жағдайлары тіркелген жоқ.


Шегірткеге қарсы күрес: 1,8 млн гектар алқап өңделді

фото: акимат Акмолинской области

ERNUR.KZ. Қазақстанда 1,8 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделді, деп жазады sputnik.kz.
Елімізде үйірлі шегірткелерге қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасып жатыр.
"Бүгінгі таңда күрес шаралары аясында 1,8 млн гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. Бұл жоспарланған 2,1 млн гектардың 86,6 пайызын құрайды. Өңдеу жұмыстарына 459 бірлік арнайы бүрку техникасы жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
Түркістан облысында химиялық өңдеу жұмыстары 371,79 мың гектар аумақта жүргізілді. Жамбыл облысында 86,12 мың гектар (80%) алқапқа өңдеу жүргізілді.
Жұмыстар еліміздің тағы 13 өңірінде жүргізіліп жатыр.
Атап айтқанда:
Қостанай облысында – 391,04 мың га;
Ақтөбе облысында – 388,93 мың га;
Батыс Қазақстан облысында – 191,48 мың га;
Ақмола облысында – 65,31 мың га;
Атырау облысында – 50,84 мың га;
Қарағанды облысында – 39,28 мың га және басқа өңірлерде.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіру жағдайлары тіркелген жоқ.
Министрлік мәліметінше, өңірлер қажетті техникамен, химиялық препараттармен және басқа да ресурстармен толық қамтамасыз етілген.